Павлодарда такси екі көлікке барып соғылып қалған

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Жол көлік оқиғасы түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған. Жүргізушілердің біріне дәрігерлердің көмегі қажет болды, -деп хабарлайды "Экспресс К".

Жол апаты Конституция алаңы мен Астана көшелерінің қиылысында болды. Жолда жергілікті такси фирмасының "KIA" автокөлігі "Nissan" жеңіл көлігімен соқтығысқан, оның артынша "Toyota Corolla" соқтығысқан.

Видеода "Nissan" көлігінің екі көліктің ортасында оңбай қалып қойғанын аңғаруға болады.

— Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталуда, — деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Полицейлердің айтуынша, такси жүргізушісі зардап шеккен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров