Қазақстанда үш айда интернет-алаяқтықтың 6,8 мыңнан астам фактісі анықталды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Қазақстанда ағымдағы жылдың үш айында интернет-алаяқтықтың 6,8 мыңнан астам фактісі тіркелді, деп хабарлады ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

"Соңғы бірнеше жылда бүкіл әлемде де, Қазақстанда да интернет желісін пайдалану арқылы жасалған қылмыстардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың саны артты. (...) Ағымдағы жылдың үш айында ішкі істер органдары осындай 6824 қылмысты тіркеді", — деді Нұрмағамбетов дүйсенбіде өткен брифингте.

"Мұндай қылмыстар көптеген азаматтарға қатысты жасалатындығымен сипатталады", — деді ол.

Оның айтуынша, алаяқтар әлеуметтік желілерді пайдаланады, сондай-ақ интернетте жалған хабарландырулар орналастырады, "жалған" беттер мен сайттар жасайды.

Мұндай алаяқтықтың көпшілігі "трансшекаралық сипатқа" ие, яғни қаскүнем басқа өңірде немесе басқа елде жүрген адамға қатысты қылмыс жасайды, деп хабарлады Нұрмағамбетов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров