Алматыдағы Арбатта қылмыс жасаған бір топ ер адам ұсталды

Express Qazaqstan

polisia.kz

Алматы Арбатында жүрген қаскөйлер тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматылық полицейлер қала орталығында жүрген бір топ ер адамды ұстады. Оларды 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұйымдастырған. Бір топ ер адам кісі тонаумен айналысқан.

— Айыпталушылар қараңғыда, өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып, кейін қаланың әртүрлі ломбардтарында сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Біз көрсетілген алаңдағы криминалдық полиция бөлімшесінің жұмысын, бірнеше күн ішінде жасалған екі ұқсас қылмысты талдау арқылы күшейттік. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз: мүмкін тоналған адамдар қандай-да бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі де мүмкін. Қылмыстың қаруы — пышақ тәркіленді, — деп хабарлады Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарлауға шақырады: 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров