Сиыр қаққан жүк көлігіндегі жолаушы қайтыс болды

Қуаныш РАХМЕТ

AiTube.kz-тен кадр

Алматы облысы, Талғар ауданында жүк көлігінің жүргізушісі сиыр қағып, қасында отырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс-к.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты Алматы облыстық Полиция департаменті пікір білдірді.

Қайғылы оқиға кеше Ақбұлақ — Талғар жолында бұрынғы "Казстрой", қазіргі "Береке" ауылында болған. "HYUNDAI" макарлы жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолын кесіп өткен үш сиырды қаққан. Соққының қатты болғаны сондай ауыр машина жанына аударылып түсіп, көлік ішіндегі жолаушы алған жарақатынан қайтыс болды. Жүргізуші де жарақаттанып ауруханаға жеткізілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров