Таиландта COVID-19 науқастанғандар көбейіп отыр

Экспресс К

© AP

Таиландта COVID-19 пандемиясының өршіп кетуі себепті Бангкок билігі дүйсенбіден бастап елордада екі аптаға бірқатар шектеулер енгізді, деп хабарлады Associated Press (AP) агенттігі.

Жалпы алғанда, кинотеатрлар, саябақтар мен спорт залдарын қоса алғанда, қоғамдық орындардың 31 түріне шектеулер енгізілмек. Сауда орталықтары мен супермаркеттер қазір қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. 20-дан астам адамға жиналуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, елдің 48 провинциясында, оның ішінде Бангкокта тұрғындардан үй-жайларда және сыртта бетперде кию талап етіледі. Алайда, AP атап өткендей, елде жалпыұлттық локдаун, коменданттық сағат енгізілмеген немесе көшелерде жүруге тыйым салынбаған.

1 мамырдан бастап Таиланд алдында сovid-19 күшті толқынына тап болған Үндістаннан келген адамдарды қабылдауын тоқтатады. Елге тек Таиланд азаматтары үшін ғана келуге рұқсат.

Дүйсенбіде Тайландтың денсаулық сақтау органдары тәулігіне 2 мың 48 адамның ауырып, сегіз өлім-жітімнің орын алып отырғандығы туралы хабарлады. Пандемия кезінде елде вирустың 57 мыңнан астам жағдайы анықталды, оны жұқтырған 148 адам қайтыс болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров