Ақтауда тұрғын үйден әйелдің мәйіті табылды

Қуаныш РАХМЕТ

tennessean.com

Ақтау қаласынынң 5-шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Экспресс-к сайты «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 25 сәуірдің түнінде полицияға қоңырау шалып, тұрғын үйде әйелдің жансыз денесі жатқанын хабарлаған.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды" дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бүгінде марқұмды өлтірген күдіктіні қолға түсіру үшін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров