Астанадағы Кіші Талдыкөл қалай сақталады?

Алан ИСАЕВ

myseldon.com

Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөлдің сақталып қалатыны белгілі болған еді. Бірақ оның айналасына құрылыс жұмыстары жүргізілмек.

— Бұл көл емес, су жинағыш, — дейді қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев. — Бірақ ол құрғап та кетпейді. Сондықтан мұндағы су айдыны сақталады. Яғни Кіші Талдыкөлдің өзінде ешқандай құрылыс жүргізілмейді. Ал айналасы қала құрылысының тұтас жоспарына сәйкес абаттандырылады. Мұнда тұрғын үйлер, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар және тағы басқалар салынады. Мысалы, "Жасыл орам" тұрғын үй кешенінің өзі кезінде батпақтың үстіне салынған. "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы да сондай.

Астананың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткен жылы Кіші Талдыкөлде сараптама жұмыстарын жүргізіп, су жинағыштың ластанғанын, онда тіршілік иелері жүре алмайтынын анықтаған болатын.

Ал Үлкен Талдыкөлде экологиялық инфрақұрылым жасалмақ. Яғни мұнда қорығы және орманды алқабы бар, жалпы көлемі 5700 гектар болатын табиғи саябақ пайда болады.

Әуежай маңындағы Майбалық көлінің жанынан жасалатын экопарк те керемет жерге айналғалы тұр. Мұнда балық аулауға арналған су қоймалары, велосипед жолдары, сеуендейтін аймақтар, ат клубы болады делініп отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров