Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға 22 млн теңге айыппұл салынды

Экспресс К

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы Келес ауданында жергілікті әкімдік қызметкерлері мен табиғатты қорғау инспекциясы бірлесіп жүргізген рейд барысында Келес өзенінен тасты заңсыз шығарған азаматтарды анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды, -дейді azattyq-ruhy.kz.

Полиция тәртіп бұзушылардан 5 дана дроглайн көлігін тәркілеп, заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұрағына қойды. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау үшін жиналған материалдар экология департаментіне жолданды.

Полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 334-бабы "Жер қойнауын өз бетімен пайдалану" бойынша өткен жылы 21 әкімшілік құқықбұзушылық анықтап, тәртіп бұзушыларға 21 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері анықталған 3 құқықбұзушылық дерегі бойынша кінәлітер 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге тура келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров