Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтанның шетінде өрт шықты


AiTube.kz-тен кадр
"Сарыарқа" ауданына қарасты Бақтыбай ақын көшесінде өрт шықты, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі Нұр-Сұлтан департаментінің баспасөз қызметі. Өрт 250 шаршы метрді қамтыған.
"Айтылған мекен-жәй бойынша сағат 15.30-да өрт сөндіру бөліміне хабар түсті. Дереу жеткен өрт сөндірушілер қураған ағаштардың жанып жатқанын анықтады", — деп хабарлады департамент.
Өртті сөндіруге 21 адам мен 4 техника жұмылдырылған.
Бөлісу