Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райының күрт құбылуы күтілуде

Express Qazaqstan

pixabay.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райының күрт құбылуы күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді..", — делінген дүйсенбідегі хабарда.

Хабарда нақтыланғандай, жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров