Ұлттық банк елорданың құрметіне коллекциялық монеталарды сата бастайды

Express Qazaqstan

nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталары 2021 жылдың 28 сәуірінде сатылымға шығады, деп хабарлады реттеуші.

"Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм болатын монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалды", — делінген дүйсенбіде таратылған ҚР Ұлттық банкінің хабарында.

Ақпарға сәйкес, монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров