Нұр-Сұлтанның кей көшелерінде көлік қозғалысы мамыр айының соңына дейін тоқтады

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Түркістан, Керей, Жәнібек хандары көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылады.

Нақтырақ 25 сәуір мен 30 мамыры аралығында көлік қозғалысы жартылай тоқтатылды,- деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Түркістан көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты Керей, Жәнібек хандары көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде осы жылдың 25 сәуірі мен 30 мамыры аралығында қозғалыс ішінара жабылды. Аталған учаскеде Түркістан көшесін кеңейту жұмыстары басталды.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", — деді тиісті басқарма.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров