Аты шулы LRT құрылысы 2022 жылдың соңында аяқталады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Егер City Transportation Systems қаржы тапқан жағдайда ғана бұл мүмкін болмақ.

Аталмыш компания атап өткендей жоба құны о бастағы жоспарлы түрде бөлінетін қаражатпен салыстырғанда шамалас. Құрылысты аяқтау үшін бір миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту қажет (1,080 миллиард). Ал, жалпы жобаның құны 1,88 миллиард долларға бағаланған.

Сонымен қатар Қытай Даму Банкінің несиесінен бас тартуы бір миллиард доллар үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Қазір құрылыс жұмыстарының 17 %-3 аяқталды. Егер жобаны қаржыландыру биыл 2021 жылы қайта басталатын болса, Есіл өзені арқылы көпір орнату жоспарланған.

Құрылысты аяқтау үшін мемлекет LRT жобасының облигацияларын шығарады, олар сыртқы нарықта ашық сауда-саттық арқылы сатылады. Облигацияларды сатып алушылар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болады деген болжам бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров