Алматы облысында браконьерлерден екі центнер балық тәркіленді

Экспресс К

ДП баспасөз қызметі

Шелек полиция бөлімі мен өңірлік аңшылық шаруашылық қызметінің өкілдері рейд кезінде Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінде браконьерліктің екі ірі жағдайын анықтады.

Бабатоған ауылының тәртіп сақшылары тексеру үшін тоқтатқан УАЗ автокөлігінен жаңа ауланған балықтар табылды. Өлшеу кезінде сазанның салмағы 120 келі, күміс сазан 30 және көксерке алты екендігі белгілі болды. Ал Қаражота ауылының маңында Жигули автокөліктен 22 килограмм табан мен көксерке табылды. Автокөліктің мемлекеттік номерлер болған жоқ.

Бұл тергеумен Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік инспекциясы айналысатын болады. Қапшағай су қоймасында және оған іргелес өзендерде балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салу 20 мамырға дейін сақталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров