Баланы өрттен құтқарған сәттің видеосы әлеуметтік желіге шықты

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Бұл ерлікті жуық арада елордаға көшіп келген Шымкент қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаев жасады.

34 жастағы ер азамат тұрғын үйдің бесінші қабатында тұтанған өрттің куәсі болады. Сол оттың ортасында кәмелет жасына толмаған бала қалып қойды.

Бұл жағдайда Ақылбек еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Ол төмендегі қабаттағы пәтер терезесі арқылы баланы төмен сырқытып, сыртқа шығарып алды. Оқыс жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қыпшақбаевқа "Ерлігі үшін" төсбелгісін жеке өзі табыстады. Ақылбек отбасылы азамат, әйелі және төрт баласы бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров