27 сәуірге Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Express Qazaqstan

pixabay.com

27 сәуірге Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі", — делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

"27 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда 27 сәуірде күндіз найзағай күтіледі", — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

"27 сәуірде Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі", — деді сарапшылар.

Дауылды ескертудің ықтималдығы — 80-85%.

"27 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, тұман. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қостанайда 27 сәуірде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Дауылды ескертудің ықтималдығы — 85-90%.

"Ертеңгісін және күндіз 27 сәуірде Қызылорда облысында кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі", — деді сарапшылар

Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.

"Күндіз 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі", — делінген хабарда.

Дауылды ескертудің ықтималдығы — 95-100%.

"Күндіз 27-28 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді", — деді синоптиктер.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров