Ржев маңынан жезқазғандық ҰОС-ның жауынгері Жағыпар Оразбаевтың сүйегі табылды

Express Qazaqstan

Жауынгердің анасы соғыстан кейін баласын ондаған жылдар бойы іздеп таппаған екен. Оның жеке басын анықтауға сарбаз медальонына салынған құжаттар дәлел болып отыр. «Пионер» іздестіру тобының мүшелері 1942 жылдың жазында Ржев түбіндегі шайқаста қаза тапқан батырдың жақын туыстарына іздеу салады.

Мұрағаттарды жүйелі түрде көтеріп қарау жұмыстары нәтижесінде перезентін шарқ ұрып іздеген Жағыпардың анасының өтініштері табылды. Оған 1914 жылы туған Оразбаев хабар-ошарсыз кетті деген жауап 1956 жылы берілген.

Айта кету керек, бір-екі күн бұрын, әлеуметтік желілерге сұрау салып, "Пионер" тобы 1906 жылы өмірге келген тағы бір жауынгер Жұман Көменовтің туыстарын анықтады. Нәтижесінде жауынгердің шөбересімін деген әйел адам байланысқа шықты.

Белгілі болғандай жауынгер соғысқа аттанғанда оның артында жалғыз қызы қалыпты. Қазір ол қыздың көзі тірі, жасы 83 те, Ақмола облысы Қорғалжың ауданында тұрады.

Соғыста қаза болған жауынгердің қазіргі ұрпағы үлкен қуанышқа бөленіп отыр. Іздеу тобына шексіз алғыстарын білдіруде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров