Терроризмге қарсы оқу-жаттығу болатыны жөнінде ескертілді

Express Qazaqstan

inbusiness.kz

Бүгін елордадағы «Алау» мұз сарайының аумағында сағат 08.00-ден 11.00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Терроризммен күрес жөніндегі елордалық жедел штабтың хабарлауынша, іс-шараның мақсаты - террористік көріністерге төтенше жағдайларды жою, терроризм актісінің салдарын азайту және жою бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Жаттығу сипаты әр түрлі ұрыс элементтеріне толы болады.

Сондықтан аталған штабғ елорда тұрғындарын өткізіліп жатқан оқу жаттығуға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров