Қазақстанда COVID-19 жағдайы тұрақталып келеді - Алексей Цой


©ЭК/Андрей ХАЛИН
«Коронавирустың таралу жағдайы қазір 46% -дан 8% -ға дейін төмендеді», - деді министр бүгінгі үкімет отырысында. Өлім-жітім алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 30% -дан 8% -ға дейін төмендеген.
Дерттің таралу қаупі жоғары 10 аймақ қалып отыр. Олар — Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда және Павлодар облыстары.
Ал, орташа аймақтар — Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстары және Шымкент. Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта орналасқан.
Министрдің дерегінше, науқастану көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингтегі 221 елдің ішінде Қазақстан 108-орында, ал өлім-жітім бойынша 107-орында тұр.
Бұған дейін пандемия басталғаннан бері елде COVID-19 дертінің 311 400 жағдайы расталғандығы хабарланған болатын.