Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі


pixabay.com
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
"ҚР басым бөлігінде антициклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстігінде тұман түседі", — делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +21+23 жылы, түнде +7+9 шамасында.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +10+12 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +10+12.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18 (+22), түнде +2+7 (-2).
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22 (оңтүстігінде +26), түнде +7+12 (оңтүстігінде +16).
Атырау облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22 (солтүстігінде +13), түнде +9+14 (солтүстігінде+6).
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32 (+24), түнде +8+13 (+5).
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16 (+19), түнде +4+9 (+1).
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33 (+24), түнде +10+15 (+7).
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +30+35, түнде +11+16.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
Қостанай облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +24+29), түнде +2+7 (оңтүстігінде +12).
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25 (оңтүстігніде +30), түнде +7+12 (оңтүстігінде 0).
Алматы облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +24+29 (+20), түнде +8+13 (+5).
Маңғыстау облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +23+28 (+15+20), түнде +16+21 (солтүстігінде +9+14).
Павлодар облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігнідегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының маңындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады", — деп ескертті синоптиктер
Бөлісу