Cәуір айының соңына дейін вакцина алуға жататын халықтың 20%-ы егіледі

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстанда сәуір айының соңына дейін вакцинациялауға жататын халықтың 20%-ы коронавирусқа қарсы егіледі, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

"Бүгінгі таңда азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациямен қамту маңызды міндет болып табылады. Сәуір айының қорытындысы бойынша вакцинациялауға жататын халықтың 20% — ы коронавирусқа қарсы екпе алады. Вакцинация жоспарын және вакциналарды аймақтарға жеткізу кестесін сақтау қажет", — деді ол сейсенбіде үкімет отырысында.

Бұған дейін республика Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой халқы 18,9 млн адамнан асатын Қазақстанда шамамен 10 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтеді деп жоспарланғанын мәлімдеді. 2 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаны сәуір айында алады. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 949 мың 451 азамат егілді.

Коронавирусқа қарсы вакцина 18 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері жоқ барлық азаматтарға тегін беріледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров