Миллионға жуық қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

949 451 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды. Толық яғни, екпенің екі компонентін де алғандар саны - 184 531 адам, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда COVID-19-қа қарсы екі вакцина бар: Sputnik V және QazVac.

"Sputnik V" вакцинасы — бұл аденовирустарға арналған екі сератипке негізделген тірі векторлық вирус вакциналары түріндегі препарат. QazVac — инактивті вакцина, яғни QazVac — "өлтірілген" вирустан жасалған вакцина

Екі вацинаның қайсысын салдырады тұрғындардың өз еркінде. Әзірге QazVac әтөрт қалада бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе. 26 сәуірден бастап қазақстандық вакцинаны 4 қаладағы емханаларда алуға болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров