Атырау облысында суға батқан баланы іздеп жатыр

Express Qazaqstan

ТЖД

Жылыой ауданында 9 жасар бала каналға батып кетті. Оқиға жергілікті төтенше жағдайлар бөліміне 26 сәуір күні сағат 19.15-те хабарланды. Қараңғылық басталысымен сүңгуірлердің жұмысы тоқтатылды, бірақ іздеу жұмыстары су арнасының жағалауы мен жиектерінде тоқтаған жоқ.

"Құтқарушылар баланың денесін үрлемелі қайықтар, арнайы құралдар мен іліп алатын зәкірлердің көмегімен іздейді. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Облыс орталығынан қосымша құтқарушылар сүңгуір тобы жіберіледі. Бұл біздің ерекше бақылауымызда", — дейді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат Ержанов.

Суға батқан баланың денесін іздеуге құтқарушылармен құатар полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров