Қазақстан
"Самұрық-Қазына" қоры 1 млн доза вакцина сатып алды


cgtn.com
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры COVID-19 вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды, деп хабарлады мемлекеттік қордың баспасөз қызметі.
Сатып алынған дозалар 500 мың адамды вакцинациялауға жетеді.
"Интерфакс-Қазақстанға" "СК-Фармациядан" (Қазақстанда дәрілік заттарды сатып алудың бірыңғай дистрибьюторы) нақтылағандай, мемлекеттік қор қаражатына Қазақстанға БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax "Sinopharm" вакцинасы жеткізілетін болады.
"Қор қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін вакцинамен барынша қамтымақ. Қордың компаниялары бойынша вакцинацияланған қызметкерлердің саны 4358 адамды құрап отыр", — делінген мемлекеттік қордың хабарламасында.
Осы жылдың наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайдың антиковидті вакцина өндірісі бойынша бірлескен жобаны қолға алғаны белгілі болды. Негізін құраушы қытайлық Sinopharm компаниясының вакцинасы.
Бөлісу