Атырау облысы
Атырауда суға батып кеткен баланың денесі табылды


mos.ru
Атырау облысында кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, суға кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 сәуір күні суға батып кеткен 9 жасар баланы іздестіру жұмыстары бүгін таңертең қайта жалғасты.
Қайғылы оқиға Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының жанындағы Құрсай каналында болды.
Құтқарушылар, туған-туыстар, еріктілер іздестіру жұмыстарын түні бойы жүргізді. Бүгін таңертең сүңгуірлер іздеуді қайта бастады. Суға батқан бала алғашқы сүңгу кезінде-ақ сағат 06 сағат 35 минутта табылды. Денесі сараптама жүргізу үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне берілді.
Атырау облысында суға батқан баланы іздеп жатыр бұған дейін жазған болатынбыз.
Бөлісу