Ерлі-зайыптылар жол апатынан қаза тапты

Express Qazaqstan

pixabay.com

Ақтөбеде жас жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ерлі-зайыптыны қағып кетті. Салдарынан екеуі де мерт болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 25 сәуір сағат 21:10-да болды.

"19 жастағы "Hyundai Solaris" маркалы көлік жүргізушісі Арынов көшесі бойымен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде ерлі-зайыптыға жол бермей, оларды қағып кетті", — делінген хабарламада.

Салдарынан 27 жастағы келіншек оқиға орнында қаза болды, ал 29 жастағы жолдасы жансақтау бөліміне жеткізілді, алайда келесі күні көз жұмды.

Полицияның ақпаратынша, жүргізуші көлік басқару куәлігін 2020 жылдың соңында алған.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші қарапайым жол ережелерін сақтауы қажет.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров