Құрық портында контрабанданың ірі партиясы тәркіленді

Express Qazaqstan

mng.kgd.gov.kz

Контрабандашылар Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы халық тұтынатын тауарлардың ірі көлемін заңсыз өткізбек болған, деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті .

Заңсыз тауар ауыр жүк таситын екі көлікке тиеліп Құрық теңіз портына Түркиядан жеткізілген. Рәсімделген құжатқа сәйкес тауарларды түрік өндірушілері Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарына жөнелткен.

Тасымалданған жүкті кедендік тексеру кезінде декларацияланбаған тұтыну тауарлары анықталды. Жасырын тауарлардың саны жүзден асады.

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді .

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров