Алаяқ өзгелердің атынан несие рәсімдеген

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алаяқ жәбірленушілердің жеке деректеріне оларға әлеуметтік көмек көрсету деген желеумен қол салған.

Ол Қостанай облысы Әулиекөл ауданында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барып, азық-түлік пакеттерін жеткізеді. Содан кейін отбасы мүшелерінің фотосуреттері мен жеке деректерін есеп үшін қажет деген желеумен сұрап алған. Шын мәнінде, ол бұл ақпаратты тауар несиелерін тіркеу үшін банкпен келісімі бар Алматыдағы жеке кәсіпорынның біріне өткізіпті. Осылайша ұртын майға толтырған. Ал, ауыл тұрғындары несиені өтеу туралы қоңыраулар мен SMS хабарламалар толасссыз келе бастағаннан кейін ғана алданып қалғандарын ұғыпты.

Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінге дейін оларға осы мәселе бойынша сегіз жәбірленуші арызданыпты. Келтірілген шығын көлемі бес миллион теңгеден асады.

Күдікті анықталды, оның бұрын сотталмағандығы және қолында жас баласы болғандығы ескеріліп, әзірге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров