1-нен 10 мамырға дейін Алматыда зираттар жабық болады

Экспресс К

pixabay.com

Алматыда 1-10 мамыр аралығында зираттарға баруға тыйым салынады, деп хабарлады қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Біз қазір адамдар көп жиналатын орындарды шектеуге тырысамыз және бұрынғы тәжірибе бойынша көптеген адамдардың зираттарға баратынын білеміз (ата — аналар күніне байланысты-ИФ — Қ)", — деді Бекшин сейсенбідегі брифингте.

"Зираттар 1-10 мамыр аралығында жұмыс істемейді. Біз бұл мәселені талқыладық және осы күндері зираттарға баруды, зираттарға жиналуды шектеу туралы шешім қабылдаймыз", — деді ол.

"Мен қала тұрғындарынан ата — аналарға арналған күнді кейінге, қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын", — деді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров