100-ге жуық жүргізуші 4 айдан бері жалақысын алмаған

Express Qazaqstan

© Кайрат АБДРАХМАН

Талдықорғанда 4 айдан бері жалақысын алмаған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Салдарынан қалада бірнеше бағыт бойынша қоғамдық көлік жүрмей, тұрғындар жаяу қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Күнде ертең, күнде ертеңмен жігіттердің бәрі шаршады. Көбі пәтер жалдап тұрады. Кредит бар. Ипотека деген әңгіме. Бұлар күнде ертеңмен елдің бәрін шаршатып бітірді. Бүгін шықпаған себебіміз сол. Сонымен ақша бергенше шықпаймыз, тұрамыз", — деді автобус жүргізушісі Нұрдәулет Түндебаев.

Автопарк басшылығы жолаушылар тасымалы шығыны көп сала дегенді алға тартып, жалақының кешеуілдеуіне пандемия себеп болғанын айтады. Қала бюджетіне алақан жайған кәсіпорын карантинде оқушы тасымалдауға бөлінетін субсидиядан қағылған көрінеді.

"Жолаушылар тасымалының шығыны көп. Шығын көп болғаннан кейін әкімдікке төлемімізді береміз. Сол төлемге қарап субсидия жасайды. Субсидия жасағаннан кейін айлық бере аламыз, салық төлей аламыз, құрал-сайман ала аламыз. Бәрін жасай аламыз", -деді серіктестік директоры Болат Тілеубаев.

Атқарушы билік бұл серіктестік алдында берешегіміз жоқ дейді. Тіпті көпбалалы аналар тасымалына бөлінетін қаржының екі тоқсандық көлемін төлеп қойған. Ал жүргізушілерге жалақы берілмеуінің нақты себептерін құзырлы органдар тексеріп, анықтайтын болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров