Бойжеткен жүк тиегіш бульдозерді ұрлап кетті

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Ол жүргізушіні масайтып, трактордың кілтін үптеп кеткен. Құрылыс компаниясына тиесілі ZL-30 машинасының жүргізушісі полицияға байланысқа шыққан-деп хабарлайды "Экспресс К" Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға былай болыпты: кешкісін жүргізуші таныс бойжеткенді үйіне қонаққа шақырыпты. Өзара кішігірім мереке өткізіп, ер адам алкогольдік ішімдікті асыра сілтеп жіберсе керек масайық ұйықтап қалған. Осыны пайдаланған бойжеткен жүктиегіш тракторды ұрлап кеткен. Қыз жоғары жылдамдықпен түнгі шаһарды серуендер, жолдарда қауіпті әрекеттер жасады. Брусилов көшесінде бойжеткен Мерседес жеңіл көлініе зақым келтірді. Патрульдік полиция дереу бұл іске араласып, бойжеткенді тоқтата алды. Тексеріс кезінде бойжеткеннің осы көлікті басқаруға арналған жүргізуші куәлігі болмаған.

Ұсталған 25 жастағы қыз полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол бұл әрекетін өзінің серуендегісі келетінмен түсіндірді. Көлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров