Алматы
27-30 сәуір аралығында Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін


pixabay.com
27-30 сәуір аралығында Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінен.
"Жылымық, жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыздығы және оның биік болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 27-30 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады", — делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.
Бөлісу