Қ. Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Экспресс К".

Берік Уәлидің айтуынша, екпе салдырғаннан кейін мемлекет басшысының денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмаған. Президент өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. "Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді", — дейді Берік Уәли.

Айта кетеу керек, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 6 сәуір күні салдырған болатын. Ол кезде де Президент Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырған еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров