Елорда тұрғындары отандық QazVac вакцинасын белсенді қабылдауда

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Елорданың медициналық мекемелерінің егу пунктерінде қала тұрғындары отандық QazVac вакцинасын белсенді түрде алып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы "Абу-Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталығының вакцина егу пункті 3 бөлме және күту залынан тұрады. Екпені салдыруға келген адам ең алдымен дәрігер қарауынан өтеді.

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинация алуға келгендердің арасында "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Арын Орсариев те болды.

Мен арнайы осы қазақстандық вакцинаны күтіп, бүгін салдырдым. Менің ойымша, ғалымдар, биологиялық қауіпсіздік өкілдері QazVac вакцинасын өте жоғары деңгейде жасаған. Салдырған соң ешқандай кері әсерін байқамадым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын.

деді астаналық Арын Өрсариев.

Бүгінде елордада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді. Елордалықтарды вакцинациялау үшін барынша жағдай жасалған. Сонымен қатар, "Mega Silk Way", "Керуен", "Хан Шатыр" СОО-ларында егу пунктері ашылған. Қала тұрғындары қауіпті вирусқа қарсы вакцинацияны белсенді қабылдауда.

Айта кетейік, 27 сәуірдегі жағдай бойынша елордада коронавирусқа қарсы 95 мыңға жуық адам екпе салдырған. Оның ішінде қала тұрғындары мен қонақтары, мәдениет және өнер қайраткерлері де бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров