Елордалық екі мектепте бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

2021 жылдың 27 сәуірінде екі елордалық мектепте бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды, ол бірден температураны өлшеп, масканың болуын тексереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұдан басқа, қазақстандық әзірлеме деректер базасында тіркелмеген адамдардың мектепке кіруін шектейді, сол сияқты оқушылардың, оқытушылардың және барлық қызметкерлердің келіп-кету уақытын қадағалауына мүмкіндік береді.

Бұл әзірлеме бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: қауіпсіздікті де, келген жұртты бақылауды да қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта отандық әзірлеушілердің 200-ден астам клиенті бар, олардың 80%-ы Қазақстан аумағында.

дейді Clockster өкілі Арман Ерназаров.

Әзірлеме пилоттық жоба аясында елорданың №22 және №59 мектептерінде іске қосылды.

Айта кетейік, Astana Innovations Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының тұруы үшін қолайлы және жайлы жағдай жасайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров