Семей тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті

Express Qazaqstan

sputnik.kz

Жағалауда жүрген балалар дауыстап көмек шақырған соң, жақын маңдағы екі жігіт жүгіріп келіп, батып бара жатқан азаматты құтқарып қалған, -деп хабарлайды "Экспресс К" sputnik-ке сілтеме жасап.

Оны бірінші болып жағалауда жүрген балалар байқаған. Олар дауыстап көмек шақырған соң, жақын маңдағы екі жігіт қол ұшын созуға ұмтылыпты.

"Оқиға бүгін Семейдегі Понтон көпірінің маңында болды. 22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали есімді жігіт суға түсіп, батып бара жатқан азаматты алып шыққан. Ал Мерей Мәуітбеков дейтін азамат жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп үлгерген", — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров