Алматы облысы
60-тан астам жабайы құсты заңсыз атты


ДП баспасөз қызметі
Баканас ауылында 25 жабайы үйрек пен 41 құсты атқан браконьер ұсталды. Ер адам кінәсін толық мойындады, алайда неліктен құстарды жаппай қырып салғанын түсіндіре алмады.
Қанаттылар күн жылып өздерінің отары Іленің төменгі сағасына ұшып келген. Мұндайда олар шөпшектердің арасына жұмыртқалап ұя салады.
"Ұсталған адам заңсыз аңшылық жасағаны үшін жауапқа тартылады", — деді Балқаш облыстық полиция басқармасының бастығы Дәурен Құтпанов. Оның айтуынша браконьер ең төменгі жаза — үш мың АЕК-ке дейінгі айыппұл арқалайды немес үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.
Бөлісу