Өртті сөндіру үшін пойыздың көмегіне жүгінді

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің сол жағалауын шарпыған жалынды тоқтатуға пойыздың көмегі тиді, - деп хабарлайды «Экспресс К» ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалын саяжай аумағындағы 30 гектар жерді шарпыған. Өрттің шыққаны туралы хабарлама 27 сәуірде келіп түскен. Соққан желдің салдарынан тұтанған жалын өрши түсіпті.

Төтенше жағдай болған орынға арнайы өрт сөндіру техникасымен жету үшін біраз уақыт. Сондықтан жеке құрамды жедел жеткізу үшін қайықтар да жұмылдырылды. "Құтқарушылар қосымша күш ретінде "Защита" станциясында орналасқан 11 адамнан тұратын "Қазақстан темір жолы" ҰК өрт сөндіру пойызының көмегіне жүгінуге тура келді. Өзара іс-қимыл мен бірлескен күш-жігердің арқасында 30 гектар аумаққа жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді", — деп хабарлады ведомство өкілдері. Оқиға орнында барлығы 5 техника, 2 қайық, 24 өрт сөндіруші, "Қазақстан темір жолы" ҰК өрт сөндіру пойызы мен жеке құрамнан 11 адам жұмыс істеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров