«Қызылорда аруы» Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды

Express Qazaqstan

instagram.com / kazakh_inform

«Қызылорда аруы» Гүлнұр Нұртазаның жоғалып кеткені жайын ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, -деп хабарлайды «Экспресс К»

Алматыда "Қазақстан аруы-2019" финалисті және "Қызылорда аруы-2017" байқауының жеңімпазы Гүлнұр Нұртазаға іздеу салынды. Тараған ақпаратқа қарағанда бойжеткенді іздеу 26 сәуірде басталған. Гүлнұр Нұртазаны соңғы рет куәгерлер "Барахолка" базары маңайынан көрген.

Еске сала кетейік, былтыр әлеуметтік желіде "Қызылорда аруы-2017" атанған Гүлнұр Нұртазаның дәмханалардың бірінде ыдыс жуып жүрген видеосы тараған болатын. Ол видео әлеуметтік желі қоланушылары арасында үлкен талқылауға түскен еді.

Гүлнұр отбасындағы жалғыз қыз. 15 жасында әкесі жүрек талмасынан, өткен жылы қыркүйекте анасы коронавирустан қайтыс болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров