Есіл тасып барады жардан асып...

Express Qazaqstan

egemen.kz

Есіл тасып барады жардан асып...,-деп жазады Егемен Қазақстан. Бұл жайында «Экспресс К» хабарлайды.

Арқаға ақзерлі белбеудей болып түсе қалған ерке Есіл тасып жатыр. Петропавлдағы су торабындағы плотинада облыстық ТЖ департаментінің алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов журналистерге өзеннің қазіргі ахуалы мен болашақта болуы мүмкін қауіптерді алдын алу жұмыстары туралы айтып берді.

Жалпы жағдай тұрақты, тасқын қалыпты жағдайда өтіп жатқан көрінеді. Судың көтерілуі тек Новоникольск селосы мен Петропавлдың су қоймасында ғана байқалған. "Әзірге тұрғын үйлер мен елдімекендерді су басу жағдайлары болған жоқ. Сергеев су қоймасындағы судың биіктігі 50 см-ге жетті. Бұл қауіпті емес, 2017 жылы ол 336 см-ге дейін көтерілген. 4-5 күннен кейін Петропавл су торабындағы судың деңгейі де ең биік нүктесіне дейін көтерілуге тиіс. Міне, сол кезде өзеннің қойнауындағы саяжай учаскелері судың астында қалады. Бұл да қалыпты жағдай. Жыл сайын маусымдық сипат алған құбылыс", деді Сәкен Серікұлы.

Сонымен қатар Петропавлдың су қоймасына жақын маңда орналасқан "Челябі-Новосібір" автожолының учаскесінен су жүріпи кеткені байқалған. Бұл республикалық маңызы бар жол. Осы жерлерге жүргіншілерге ескерту белгілері қойылыпты. Тіпті кезекшілік те ұйымдастырылып, келіп қалған жолаушыларды айналма жолға салып жібереді екен.

Сондай-ақ С. Ағзамов қала тұрғындарын тасқын уақытында және көлдерді мұзы түсетін кезеңде саяжайға бармау, балық аулауға шықпау керектігін ескертті. Өз кезегінде сөз алған "Қазгидрометтің" Солтүстік Қазақстандағы филиалының инженері Роман Гиричев алдағы күндердің жыли түскенімен 2017 жылғыдай үлкен тасқын болмайтынын атап айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров