Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді


pixabay.com
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Антициклонның ықпалымен Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР қалған аумағындағы ауа райыны Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады — кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-бытысы мен солтүстік-батысында тұман түседі", — делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, түнде және ереңгісін екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22 жылы, түнде +13+15 шамасында.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +12+14 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +13+15.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28 (+18), түнде +2+7 (+10).
Ақтөбе облысында өткінші жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +22), түнде +1+6 (оңтүстігінде +10).
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35 (+25), түнде +11+16 (+6).
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +13+18 (+21), түнде +4+9 (+12).
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +31+36 (+27), түнде +10+15 (+18).
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +31+36 (+28), түнде +14+19 (+11).
Батыс Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Қостанай облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +23), түнде +4+9 (оңтүстігінде +12).
Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25 (оңтүстігніде +30), түнде +10+15 (оңтүстігінде +5).
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32 (+22), түнде +9+14 (+6).
Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауады, тұман. Күндіз +23+28 (+15+20), түнде +11+16 (солтүстігінде +8).
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының маңындағы Есіл өзенінде су деңгейінің аздап көтерілуі күтіледі", — деп ескертті синоптиктер.
Бөлісу