Әйелді соққыға жыққан сәт видеоға түсіп қалды

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Әлеуметтік желіде подъезд ішінде келіншекті аяусыз ұрып жатқан ер адамның видеосы шықты,-деп жазады "Эксперсс К".

Нақтырақ айтқанда бұл видео Instagram желісіндегі zello_atyrau_06 парақшасында жарияланды.

Кадрларда келіншектің подъезде келе жатқаны көрсетілген.

Бір мезетте оның артынан бейтаныс ер адам келіп келіншекті еденге құлатып, бетінен жұдырықтай бастайды. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Полиция департаменті күдікті азаматтың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізуде", — деп жазған полиция департаментінің өкілдері видеоның астындағы пікірлерде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров