Шымкент "қызыл" аймаққа оралды

Express Qazaqstan

azh.kz

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта 11 өңір болды. Олардың қатарына Шымкент қосылды.

28 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.

Қостанай облысында эпиджағдай жақсарып, "жасыл" аймаққа оралды.

Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары "сары" аймақта

Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл"

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров