Шекара уақытша үш күнге жабылады

Экспресс К

el24.kz

Алдағы мамыр айының мерекелерінде Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль бақылау-өткізу бекеттері ағымдағы жылдың 1, 7, 9 мамырында Қазақстан мен ҚХР үкіметтері арасындағы бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес жұмыс істемейді", — деп жазылған хабарламада.

Соңыра шекара қызметі көрсетілген күндерде қандай бақылау бекеттері жұмыс істемейтіні туралы толық ақпарат береді.

Мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені — "Қазақстан халықтарының бірлігі", "Отан қорғаушылар" және "Жеңіс күнін" атап өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров