«Өзімді өртеймін!»

Қуаныш РАХМЕТ

Ғалымжан Серікұлы

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Томирис ықшам ауданының тұрғыны үйін әкімдік өкілдері бұзатын болса, өзін-өзі өртеп жіберетінін айтты, деп хабарлайды Экспресс-к 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Алатау ауданындағы Томирис ықшам ауданының тұрғыны енесінің атына рәсімделген жерге үй салуды бастап, керегесін де қалап қойыпты. Әкімдік қызметкерлері келіп, жердің заңсыз екенін айтып қрылыстыжалғастыруға рұқсат етпеген. Бірінші топтағы мүгедек Ғалымжан Серікұлы енесінен алған жерге құжаты толығымен бітпесе де үйін салуды бастап, кетіпті. "Сырқатым асқынған соң енем құжаттарын кейінірек бітіріп аларсың" деп жерді берді. Тірнектеп жиғанымды басыма баспана болсын деп осы құрылысқа құйып жатырмын. Құжатты рәсімдетуге арыз да жазып өткіздік, бірақ нәтиже жоқ. Егер үйімді бұзар болса, өзімді өртеймін" дейді Ғалымжан Серікұлы.

Әкімдік қызметкерлерінің де айтар уәжі бар. Алматы қалалық жер комитетіне қарайтын бұл жер телімін тұрғын заңсыз алған. Сот орындарынан бұзуға шешім шықса, үйді күрейтіндерін айтты. Бірінші топтағы тұрғынға өз еркімен үйін бұзу туралы талаптарын да айтыпты. Бірақ мемлекеттік резервте тұрған жерге үй салған бірінші топ мүгедегі келісім бермей отыр екен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров