Үндістан
Үндістанда қатты жер сілкінісі болды


pixabay.com
Үндістанның солтүстік-шығысындағы Тезпур қаласынан батысқа қарай 54 шақырым жерде күштілігі 6,1 балл жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлады РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалынан.
Геофизикалық қызметке қарасты Алтай-Саян филиалының жедел өңделген деректеріне сәйкес, сәрсенбіде мәскеулік уақытпен сағат 05:21-де болған зілзала ошағы Бутан шекарасынан шамамен 20 шақырым қашықтықта болған.
Ондағы сілкіністердің қарқындылығы бойынша жер сілкінісі "қатты", деп бағаланған.
АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6 деп бағалауда.
Бөлісу