Інісінің сүйегін Кореядан жеткізе алмай отыр

Қуаныш РАХМЕТ

instagram.com / korea_komek

Қазақстандық Жасұлан Ермағамбетов өзінің туған інісі Ғалымжан Ермағамбетовтің Оңтүстік Корея еліне жұмыс істеуге кетіп, қайтыс болғанын, марқұмның сүйегін елге жеткізе алмай жатқандарын айтты, деп хабарлайды Экспресс-к сайты.

Ғалымжанның Қазақстаннан Оңтүстік Корея еліне жұмыс істеуге кетіп, жүрек талмасынан қайтыс болғаны туралы ағасы Жасұлан korea_komek Instagram парақшасында хабарлады.

"Менің туған інім жүрек талмасынан қайтыс болды, қазіргі таңда мәйітін Кванджу қаласынан Отанымызға аман-есен жеткізуге көмектесулеріңізді сұраймын" деді. Әлеуметтік желідегі осы парақшада марқұмның мүрдесін елге әкелуге көмек қолын созатындар үшін банк карталарының деректері де жарияланды.

1991 жылы туған марқұм Ғалымжанның артында екі баласы қалды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров