Киіктерге есебі жүріп жатыр

Express Qazaqstan

zeleniymir.org

Еліміздің аумағындағы киіктердің санын анықтау үшін арнайы әуе есебі жүргізіліп жатыр. Өткен жылы карантиндік шектеулерге байланысты бұл жұмыстар жүргізілмей қалған болатын. Бұл туралы "Экспресс К" Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе есепті Охотзоопром РМҚК қызметкерлері, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы және Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары бірлесіп жүргізуде.

Қазіргі таңда елімізде Охотзоопром инспекторларының екі есеп тобы жұмыс істеуде. Олардың біріншісі — Бетпақдала популяциясына, екіншісі — Орал және Үстірт популяцияларына есеп жүргізуде. Есепке тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған.

2019 жылы жүргізілген есепке алу жұмыстарына сәйкес Қазақстандағы киіктердің саны 334 400 басты құрады.

Осы кезеңде ақбөкендердің әуе есебі Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында (Орал және Үстірт таралымы) аяқталды және Бетпақдала популяциясын есепке алу бойынша Қарағанды, Ақмола облыстарының аумақтарында жалғасуда.

Киіктердің әуе есебін 2021 жылдың 5 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров