COVID-19-ға қарсы екпе алғандар саны млн-нан асты

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинацияланғандардың саны бір миллион адамнан асты, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Қазақстанда 2021 жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша бірінші компонент салынған адамдардың саны 1 млн 16 мың 809 адамды құрады", делінген министрліктің хабарламасында.

Екінші компонент 205 мың 188 адамға егілді.

Тұрғындар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұнда 195 мың 290 адамға коронавирусқа қарсы бірінші компонент салынды, екіншісі — 44 мың 250 адамға.

Екінші орында Алматы облысы (133 мың 987 — I компонент, 18041 — II компонент).

Соңында қалғандар қатарында Атырау облысы. Өңірде бірінші компонент 20 мың 228 адамға, екіншісі — 5 мың 304 адамға егілді.

1 ақпаннан бастап Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасымен кезең-кезеңмен вакцинациялау басталды, 23 ақпаннан бастап вакцинация процесіне Қарағандыда өндірілген препарат қосылды.

26 сәуірде елімізде халықты отандық "QAZVAC" вакцинасымен вакцинациялай бастады.

Коронавирусқа қарсы вакцина 18 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері жоқ барлық адамдарға тегін беріледі.

Қазақстан халқы 18,8 млн адамнан асады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров