Рига хостелінде өрт салдарынан сегіз адам көз жұмды

Express Qazaqstan

lsm.lv

Сәрсенбі күні таңертең Рига орталығында өрт салдарынан сегіз адам қайтыс болды, деп хабарлады өрттен құтқару қызметінен.

Тағы кемінде тоғыз адам зардап шегіп, медициналық көмек алды, 20 адам эвакуацияланды. Рига Думасы оларға уақытша баспана іздей бастады.

Әлеуметтік желілерде Рига мэрі Мартинш Стакис жазғандай, оның қолындағы ақпаратқа сәйкес, өрт жатақханада болған, ал зардап шеккендердің көпшілігі шетелдіктер. Ғимарат мемлекет меншігіне тиесілі.

Меркель көшесіне шақырту туралы қоңырау жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-ге дейін түсті. Алты қабатты үйдің жоғарғы қабатында пәтер мен шатыр өртенген. Өртті сөндіруге елуден астам өрт сөндіруші қатысуда.

Мемлекеттік полицияның қоғаммен байланыс бөлімі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел медициналық көмек қызметінің өкілі Илзе Букша оқиға орнында төрт медициналық бригада жұмыс істегенін айтты. Алты зардап шегуші ауруханаға орташа ауыр жағдайда жеткізілген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров